Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Шілде, 2015

Терроризмді насихаттаған Орал тұрғыны 6 жылға сотталды

79e9c794676c925f6ef581a78063b7022015 жылдың мамырында облыс прокуратурасының прокуроры Орал қалалық сотына терроризмді насихаттаған облыстың бас радикалды идеологына қатысты қылмыстық істі жолдады, деп хабарлайды Вnews.kz. Радикалды діни бағытты ұстанатын, өзін «Шейх Қайрат» деп атайтын жергілікті жамағаттың басшысы Сирия аумағындағы қарулы жихатты және терроризмді насихаттағаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 256-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот сараптамасының қорытындысында Қайраттың сөздерінде және одан табылған діни мазмұндағы материалдарда терроризмді насихаттау белгілері бар екені айтылған. «Сотталушы өз жамағатының санасын улап келген, салдарынан бірнеше облыс тұрғыны Сирия аумағына өтіп, онда Ирак және Леванта (ИГИЛ) Ислам мемлекеттері террористік топтарының қимылдарына қатысып жатыр, оларға да қатысты қылмыстық іс қозғалды», - делінген БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Орал қалалық сотының үкімімен Қайрат мүлкін тәркілеу арқылы 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді. Bnews.kz

555 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз