Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Шілде, 2015

Танымал қазақстандық спортшы Қуат Хамитов Алматыдағы селден зардап шеккендерге миллион теңге аударды

20120919195403«Найман» атымен танылған қазақстандық ММА спортшысы «Найман» атымен танылған қазақстандық ММА спортшысы Қуат Хамитов Алматыдағы селден зардап шеккендердің қорына бір миллион теңге аударды. Бұл туралы спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасағаң kazgazeta.kz. Сондай-ақ танымал спортшы барлық қазақстандықтарды көмекке мұқтаж жерлестеріне көмектесуге шақырды. Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде күні Қарғалы өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан «Қарғалы» және «Таусамалы» шағын аудандарын су басуы орын алды. Соның салдарынан Алматы қаласының Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандарындағы тұрғын үйлер зардап шеккен. Соңғы мәліметтер бойынша, шамамен 900 адам қауіпсіз жерге көшірілді.  

1886 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз