Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Тамыз, 2015

Астана халықаралық белсенділік рейтингісінде көш бастады

25730ef9d80b81428bed1487ea8baf37Татарстанның астанасы Қазан қаласында Ресейдің 100-ден астам қаласының басшылары мен жақын шет елдердердегі қала басшылары қатысқан Еуразияның жергілікті билігі конгрессі өтті, деп хабарлайды astana.gov.kz. Шілденің 31 күні конгресс аясында Еуразия қалаларының халықаралық белсенділігі рейтингісі жүргізілді. Соның нәтижесінде «Біріккен қалалар мен жергілікті биліктер» ұйымы Бас Ассамблеясының Бүкіләлемдік аймақтық бөлімшесінде рейтинг қорытындысы жарияланды.Ұйымдастырушылар ірі, орта және шағын қалалардың ішінде ең үздіктерін анықтады. Жалпы рейтингтің жеңімпазы болып Астана қаласы танылды. Ірі қалалар ішінде Хабаровск, Екатеринбург және Кіші Новгород та бар. Үздік үштікке, сонымен бірге, Якутск, Ставрополь мен Тирасполь қалалары кіреді. Көшбасшы қалалардың отырысы еуразиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Шараның басты мақсаты жергілікті биліктің жаһандық шешімдер қабылдауға белсене қатысуы мен олардың әлеуетін арттыруға негізделген. Дереккөз: BNEWS.KZ  

432 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз