Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Тамыз, 2015

Алматы неліктен Олимпиада өткізу құқығынан айырылды?

Сарапшылар Алматының Олимпиада өткізу құқығын иелене алмай, Бейжіңнен жеңіліп қалу себептерін айтты.

310918 (1) Бұл туралы -ке сілтеме жасап хабарлайды. «Қазір бірдеңе деу қиын. Мен Куала-Лумпурде делегация құрамындамын. Мұнда бәрінің көңіл-күйі жоқ. Шыны керек, үлкен жұмыс атқарылды, көптеген адамдар еңбек етті, Алматы әкімі де, премьер-министр де осында. Алайда, спортта үнемі осылай болады. Жеңімпаз да біреу, бірінші орын да жалқы. Кейде ұтасың, кейде ұтыласың. Енді келесі өтінімді беру үшін жақсылап дайындалу керек», – дейді 1994 жылғы Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов.
Алайда, Қытайдың ұтып кетуіне аталған мемлекеттің экономикасы мен индустриясы мықты, әлемдегі көшбасшы ел болуы әсер етті.
«Олимпиаданы неліктен Алматы емес, Бейжің өткізеді? Өйткені, Олимпиада өткізу үшін көптеген факторлар әсер етеді. Экономикалық-саяси жағдайлар, спорттық әлеует те бар. Біздің таныстырылым өте жоғары деңгейде өтті. Алматыда өтсе, ойындардың өте ыңғайлы және жинақы болатыны айтылды. Алайда, Қытайдың ұтып кетуіне аталған мемлекеттің экономикасы мен индустриясы мықты, әлемдегі көшбасшы ел болуы әсер етті. Міне, Қытайдың басымдығы осында. Ал спорттық тұрғыдан біз жақсы көріндік. Мұны әлемдік сарапшылар да атап өтті. Қайталап айтамын, Алматы Бейжіңнен әлдеқайда жоғары болды. Тек бұл жерде қаржылық жағдай көп нәрсені шешіп кетті», – дейді ол. Ал Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Павел Новиков таныстырылым кезінде Бейжің Алматыға қарағанда сенімдірек болды деген пікірде. «Бұл мамандар шешіміне әсер етті. Қытайлықтардың қала туралы бейнролигін қараған соң-ақ, мен біздің ұтылатынымызды білдім. Әрине, шығынның аз кетіп, ойынның жинақы өтуі Алматының артықшылығы. Бірақ мұндай ірі ойындардың астанасы таңдалған кезде, шамамен 22 фактор есепке алынады», – дейді Новиков.
 Қытайлықтардың қала туралы бейнролигін қараған соң-ақ, мен біздің ұтылатынымызды білдім.
Осы аралықта премьер-министр Кәрім Мәсімов Алматының болашақта тағы да жаңа өтінім беруі мүмкін екенін айтты. «Бұл қайтадан ойындарды өткізуге өтінім беру үшін жақсы тәжірибе әрі мүмкіндік болды”, – дейді Мәсімов. Дереккөз: Nur.kz

252 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Астана халықаралық белсенділік рейтингісінде көш бастады
Келесі мақала Путин қысқы Олимпиаданы өткізу үшін Қытайға көмектесетінін айтты

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *