Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Тамыз, 2015

Талдықорғанда полицейлер атып өлтірген ер кісінің туыстары прокуратураға шағым түсірді

51c8822749cf667ad2e317c6167cc915Бұл туралы сілтеме жасап  хабарлайды. “Біз Диманың полицейлерге қандай да бір қарсылық көрсеткеніне сенбейміз. Ол өзімен еш уақытта пышақ алып жүрмейтін. Сол себепті біз Дмитрийдің есімін ақтап шығуға ниеттіміз”, -дейді қаза болғанның туысы Руслан Қадыров. “Пышақ сермеген емес. Ол ондай адам емес, бұл жерде қорғану туралы әңгіме қисынсыз”, – дейді бір ауыздан Дмитрийдің жақындары. Еске салсақ, Талдықорғанда шілденің 31-не қараған түнде ер кісі оқтан қаза болған еді. Құқық қорғаушылардың ресми мәлімдемесінде полицейлер ер кісіге қорғану мақсатымен оқ жаударған делінген. Оқ жарақатынан ер кісі көз жұмды. Бұған дейін ІІД Web-порталында орталық көшелердің бірінде «Тойота-Камри-40» алдыңғы нөмірінсіз үлкен жылдамдықпен жүйткіп келе жатқаны хабарланған болатын. Жергілікті ІІБ басшысы үш полицейдің жүргізушіні тоқтатқанын, алайда ол құжат тексеру кезінде қашып кетпек болғанын айтқан. 189 метрден кейін полицейлер жүргізушіні  қайта тоқтатқан. Көліктің ішіндегі 3 жолаушының бірі болған Дмитрий тоқтатқан полицейлерге пышақ ала жүгірген. Өзіне пышақ кезегенін көрген полицей табельдік қарудан оқ жаудырған. Салдарынан ер кісі жарақат алып, көз жұмды. Қайғылы оқиғадан 9 күн өткеннен кейін Дмитрий 30 жасқа толатын еді. Дереккөз: Nur.kz
 

499 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз