Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Тамыз, 2015

Ұландық жауынгерлер жаңа киім үлгісіне ауысты

c0ce14fb4e3ff5daa0b470063d2c4b8aБүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына қарасты 5573 әскери бөлімінде Ұлттық ұлан жауынгерлері кезекті қызметтерін жаңа киім үлгісінде бастады. Астана бойынша қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әскерилер үшін жаңа киім үлгісі ең алдымен қалалық жағдайда қызмет атқаруға ыңғайлылығымен ерекшеленіп отыр, деп хабарлайды BNews.kz. Ұлттық ұланның жедел және арнайы моторландырылған бөлімдері ішкі істер органдарымен бірлесіп, еліміздің 19 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетуді жүзеге асырады. Бүгінде ала форма киген көше тәртібін қадағалаушы жасақтарға қоғамның көзі үйренген. Ұры-қарылардан зардап шеккендер немесе көше бұзақыларынан зәбір көргендер, сондай-ақ тосын жағдайлар мен заңсыздықтарға кезіккен ел азаматтары қысылтаяң сәттерде әскери жасақ жауынгерлерінің көмегіне жүгінеді. Көше қиылыстары мен аулаларда тәртіпсіздіктің алдын алып жүретін ұландық сарбаздар бүгінде ішкі тыныштықтың сақталуына қомақты үлес қосып отыр, деп ақпарат таратты ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі. Қоғамдық тәртіп күзетін атқаратын жауынгерлерді «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында жаңа киім үлгісіне көшіру қарастырылған болатын. Осы нысанға көпшіліктің көзін үйрету мақсатында, жауынгерлер бүгін әскери қалашық алаңында арнайы сап түзеді. Экипировкасы қошқыл-көк түсті патрульдік қызмет атқаруға арналған киім топтамасына жазғы кепка, шалбар, жейде, костюм және футболка кіреді. Топтама, сондай-ақ, былғары жарақтармен толықтырылған. Әзірге жаңаша киімге Ұлттық ұланның Астана және Алматы гарнизондарына қарасты әскери бөлімдері ғана қол жеткізіп отыр. Алайда, еліміздің облыс орталықтары мен басқа да қалаларында патрульдік қызмет атқаратын әскери бөлім жауынгерлерін 2016 жылдан бастап толық көлемде жаңаша киіндіру жоспарланған. Әлем назарын тіккен айтулы шара кезінде ұландықтар жауынгерлік қызметті дизайны тартымды, қалалық жағдайда қызмет атқаруға әлдеқайда ыңғайлы етіп тігілген формада атқаратын болады. Мұндай киім үлгісін қазір Еуропаның көптеген қалаларындағы әскерилердің үстінен көруге болады. Жоғарыда айтылған патрульдік-бекеттік қызметті атқару үшін күн сайын патрульдік бағыт жасақтарына әскерден 5 мыңнан аса әскери қызметші бөлінеді. Олар күн сайын ел қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің, қоғам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сонымен қатар маңызды мемлекеттік нысандарды күзетеді. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлттық ұланның әскери жасақтары қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету барысында 30 мыңнан аса заң бұзушылықтарды әшкереледі. Сонымен қатар 124 қару түрлері тәркіленді. BNews.kz  

2012 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз