Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Тамыз, 2015

Қарағандылық батыр ана әкімдердің жиі ауысуынан сегіз баласымен баспанасыз қалуы мүмкін

Қарағандыда батыр ана әкімдердің жиі ауысуынан сегіз баласымен баспанасыз қалуы мүмкін. Өйткені, істі болып жатқан Бауыржан Әбдішевтің берген пәтері уақытша берілген болып шыққан.

батыр ана Әкімдіктегілер көпбалалы ананы «заңсыз қоныстанды» деп айыптап, баспананы босатуды талап етіп жатыр. Бұған дейін апатты үйде тұрған көпбалалы ана қазіргі пәтерге осыдан үш жыл бұрын Бауыржан Әбдішевтің рұқсатымен қоныстанғанын айтады. «Кейін құжаттарын реттеймін» деп уәде еткен экс -шенеунік ақыры істі болып, үлгермей қалды дейді. Соның кесірінен сегіз баланың анасына үйді босату туралы соттан хабарлама келіпті. Сегіз баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Бақытгүл Қаріпбекова қаршадай бес баласын қара жұмысқа амалсыздан жібергенін айтады. Өйткені мемлекеттен берілетін жалғыз жәрдемақыға күн көру мүмкін емес дейді. Сорақысы, көпбалалы ананы «баспанасы бар» деп пәтер алу кезегінен де сызылып қалған. Бақытгүл далада қалуын әкімдердің жиі ауысуынан  көреді. Ал әкімдіктегілер Бақытгүлді пәтерге өз бетімен қоныстанды дейді. Өйткені батыр ананың қолында құжат жоқ дейді. Сегіз баласымен далада қалудың алдында тұрған әйел шенеуніктер пәтерін су және электр көзінен ажырата бастай ма деп қорқады. Сондықтан келесі сот отырысына дейін Бақытгүл Қаріпбекова ел президентінің қабылдауына баруға ниеттеніп отыр.  
Дереккөз: 31 канал

458 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз