Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Қыркүйек, 2015

Доллардың тағдыры келесі аптада шешілмек

2c52ec7c5ba34bd3b2edb1b52cb22f89Доллардың бағамы әлем бойынша тағы артуы мүмкін. Оған 1 аптадан кейін өтетін АҚШ-ғы Федералды резерв жүйесінің кезекті отырысы себеп. Қазір жаһандағы білікті сарапшылар мен белгілі экономистердің жарғақ құлағы жастыққа тиер емес.  Жиында қазіргі доллардың негізгі пайыздық бағамы сөз болады. Бірақ сарапшылардың басым бөлігі Америка төл валютасының құнын аяқасты өсіреді дегенге күмәнмен қарайды. Ресми Вашингтон пайыздық мөлшерлемені жоғарылатса, ақша массасы азайып, доллар қымбаттай түседі. Сәйкесінше, индекстер қысқарады, бұл әлемде адамға қажетті заттардың баға өсімі тоқтайды деген сөз. Мамандардың пікірінше, әуелі жылжымайтын мүлік нарығына қысым жасалады. Нәтижесінде аталған сектордағы баға айтарлықтай төмендейді. Несие беруді де қуатты қаржылық орталықтар дереу тоқтатуы ықтимал. «Бұл - жаһанды үркіту үшін жасалған Американың айласы болуы ықтимал. Себебі Федералды резерв жүйесі биыл үшінші рет бас қоспақ. Өткен екі кездесуде пайыздық мөлшерлеме өзгермеді. АҚШ қор нарығының өсімі Google, Apple сынды, небәрі 5 компанияға тәуелді. Басқа мекемелердің табысы қазір төмендеуде»,- деді "Fibo Froup" компаниясының сарапшысы Евгений СЛЕСАРЕВ. "Алматы"  телеарнасы

695 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз