Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Шілде, 2016

Еліміздің алты спортшысының «А» допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткені расталды

Еліміздің Ұлттық олимпиада комитеті алты спортшының «А» допинг-сынасы оң нәтиже көрсеткенін растады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісіне  сілтеме  жасаған  Kazgazeta.kz.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті Халықаралық олимпиада комитеті ұсынған хабарламаға сүйеніп, 2008 жылғы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық алты спортшының қайталап талдау жасалған «А» допинг-сынамасы күдік тудырғанын мәлімдейді», – делінеді ҚР ҰОК таратқан ақпаратта.

Бүгінгі таңда ХОК және Дүниежүзілік Допингке қарсы агенттіктің (WADA) ережелеріне сәйкес «Б» сынамаларын қосымша тексеру жүріп жатыр.

Шілденің 18-26 аралығында Швейцарияның Лозанна қаласында «Б» допинг-сынамасы еліміздің Ұлттық олимпиада комитеті өкілдерінің көзінше жария етіледі. ХОК ережесіне сәйкес, шара құпия болып табылатындықтан, тестілеудің түпкілікті нәтижесіне қол жеткізбейінше жария етілмейді.

Қайталап тестілеу шарасы аяқталып, Ұлттық олимпиада комитеті тексерудің ресми нәтижесін алысымен аталған мәселе бойынша әрі қарай түсінік беретін болады.

Бірқатар БАҚ қазақстандық ауыр атлеттер – Владимир Седов пен Мария Грабовецкаяға тыйым салынған дәрілерді қолданды деп айып тағылғаны туралы ақпарат таратты. Спортшылар талдаманы осыдан сегіз жыл бұрын Бейжің Олимпиадасы алдында тапсырған. Седов Қытайда өткен Олимпиада ойындарында төртінші орынды иеленді. Оның қанынан станозолол табылған.

Спортшының өзі болса тыйым салынған дәрілерді қолданбағанын айтуда, алайда бұл шешімге шағым беруі үшін оған мемлекеттің қолдауы қажет.

ФОТО: saint-petersburg.ru

516 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз