Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қазан, 2016

Баспасөзге жазылушылар күні аталып өтті

Бүгін «Казпошта» акционерлік қоғамының Алматы қалалық филиалында халықаралық пошта күніне орай ұйымдастырылған дәстүрлі Баспасөзге жазылушылар күні аталып өтті. Жиынға елімізде шығатын бірқатар беделді басылымдардың басшылары мен қызметкерлері, сала ардагерлері тағы басқа да қонақтар  қатысты.

    Мерекелік шараның ашылу салтанатында Алматы почтамты директорының орынбасары Әділбек Муминов сөз сөйлеп, осы салаға қатысы бар барлық әріптестері мен журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде ол сондай-ақ өз мекемесі арқылы газет-журналдары тарайтын барлық ұжымдарға ризашылығын білдіріп, олардың  жұмыстарына табыс тіледі._MG_4625

   Содан кейін сөз кезегі басылымдар басшыларына берілді. Солардың қатарында «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры — Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин  жиналған жұртшылықты ұжым атынан құттықтап, егер бірлікпен тірлік жасасақ биылғы маусымда келер жылға баспасөзге жазылу нәтижесінің жемісті болатынын айтып өтті.

_MG_4660

  Осы жерде айта кететін жай, мереке қатысушылары «Қазақ газеттері» ұжымының қарамағындағы «Ана тілі», «Уйғур авази», «Экономика» газеттеріне және «Ақиқат», «Мысль», «Үркер» журналдарына да қызығушылық танытты. Олардың арасында аталмыш жазылымдарға жеңілдікпен жазылу мүмкіндігін жібергісі келмегендер де болды.

  Барлық бұқаралық ақпарат құралдары мен оқырманның басын қосқан бұл жиыннің дәстүрге айналғаны соншалық, биыл да  арнайы жеңілдікпен газет-журналға жазылам деген оқырманның барлығы өз таңдауларын жасап үлгеруге тырысты.

    Түстен  кейін мерзімді баспасөзге жазылғандар арасында ұтыс ойындары ұйымдастырылып, олардың  ішіндегі ең бақыттылары сый-сияпатқа ие болды.

_MG_4623

  _MG_4606

_MG_4706

_MG_4693

_MG_4700

                                                                   Ершат Асматов,

                                                                   республикалық  «Уйғур авази»

                                                                   газетінің бас редакторы.

 

1902 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз