Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Қаңтар, 2017

Н.Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне барады

Ақорданың баспасөз қызметі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

 Қазақстан президенті 15-16 қаңтарда ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктерінде болады.

Сапар барысында Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткерлерімен және іскер топтар өкілдерімен келіссөздер өткізу жоспарланған.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Даби әмірлігінің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездеседі.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Х Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммиті жұмысына қатысуы жоспарланып отыр.

710 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз