Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 31 Қаңтар, 2017

Бақытжан Сағынтаев министрлерге Елбасының Жолдауына қатысты нақты міндеттер жүктеді

Бүгін ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жаңа Жолдауының аясында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөнінде ҚР Үкіметінің отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкімет алдына Қазақстанның үшінші жаңғыртылуын жүргізу туралы міндет қойғанын айтты. Оны жүзеге асыру үшін еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құру қажет.

Осыған орай, Мемлекет басшысы бес негізгі басымдықты белгіледі:

Бірінші басымдық – экономиканың қарқынды технологиялық жаңғыртылуы.

Екінші басымдық - бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.

Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылықпен қамтамасыз ету.

Жолдаудың төртінші басымдығы – адам капиталын сапалы түрде жақсарту.

Бесінші басымдық - институционалдық қайта құру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Аталған басымдықтарды іске асыру үшін, ҚР Премьер-Министрі министрліктер мен ведомстволарға бірқатар нақты тапсырмалар беріп, оларды атқаруға жауаптыларды белгіледі.

Еске сала кетейік, жақында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстан халқын жақын келешектегі елімізді дамытудың негізгі басымдықтары көрсетілген жыл сайынғы Жолдаумен таныстырған болатын.

713 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз