Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Ақпан, 2017

Универсиада-2017 Дирекциясының қызметкері қайтыс болды

Кеше кешке «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде Универсиада-2017 дирекциясының қызметкері Буыржан Рафиков қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz  тілшісіне сілтеме   жасаған  Kazgazeta.kz.
 
«Жұмыс аяқталар кезде бір қызметкеріміз аяқ астынан есінен танып, құлап қалды. Осы жердегі дәрігер алғашқы медициналық көмек көрсеткен болатын. Жедел-жәрдем де келіп жетті. Өкінішке қарай, ешқандай нәтиже болмады. Дәрігерлер болжамы бойынша, Бауыржан Рафиковтың өлімі жүректен болған. Өз атымнан және Дирекция атынан оның туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз» , - деді Универсиада-2017 Дирекциясының директоры Наиль Нұров.
Оқиға орнына ІІД мен прокуратура қызметкерлері барған. Бауыржан Рафиковтың нақты қалай қайтыс болғанын сот медициналық сараптамасы анықтайтын болады. Айым СӘДУАҚАСОВА

765 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз