Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 24 Қаңтар, 2011

Шейх-уль-Ислам Мухаммад-Хусайн қажы Усманұлы Алсабеков, Қазақстан Республикасы Бас Муфтидің орынбасары, Наиб Муфтий, философия ғылымдарының кандидаты Діни ғибратты дастандардың сюжеті жайлы

Барлық толғаулардың, поэмалардың сюжеті үшін ортақ нәрсе – ол оқиғаның басталуы болып табылады. Діни ғибратты дастандарда оқиғаның болған орны да атап айтылады, мысалы: «Расулдың Миғражға қонақ болғаны» дастанында мынадай тарихи орындар аталып өткен: Әл-Ақса мешіті, Харам, яғни Сауд Арабиясы, ал көзге көрінбейтін орындардан – Даргах, Афак, Садритул Мунтахин; «Кербала шөлінде» дастанында Кербала қаласы мен шөл даласы айтылған, яғни Ирак, Шам (Сирия), Куфа, Басра, Рум, Бағдад, көзге көрінбейтін орындардан тозақ аталып кеткен.Толғаушы-жыршы өз жыр-толғауын тыңдармандар ұдайы поэма сюжетін, оқиғаның барысын бақылап көріп отыратындай етіп құруы керек. Бұл бастамасының райы қалай болғанына байланысты болады. Жырдың бастамасының шешуші элементі ретінде жыршының ойы бойынша ары қарай жалғасатын оқиғаның негізгі оқиғалардан бұрын болған тарихы жайлы хабар беру болып табылады. Мысалы, «Абу Шахма хикаясы» дастанының негізгі өзегі ретінде поэмада жырланатын оқиғалар болған кезең жайлы ақпарат беріліп отырады. Ақырдың пайғамбары хақ Мұстапа, Жараны жанындағы төрт шаһарияр. Әли мен Әбубәкір, әзірет Оспан, Дүниеден өткен ерлер әділ Омар. [15-том, 279-б.] . Тектің шығуы жайлы мағлұматтар арқылы поэмада болып жатқан оқиғалардың кезеңі туралы хабар беріледі. Осы жолдардан тағы бір ақпарат алуға болады. Ол – Пайғамбар мен оның төрт серігінің тегі қайдан шыққаны жайлы сілтеме. Яғни, бұл – біз оқиғаның болған орнын да болжай аламыз деген сөз. Мұндай тәсіл басқа да эпостарда кездесіп отырады. Бастаманың келесі бөлімі – оның қайнар көзі. Әрбір шығармада әртүрлі қайнар көз болуы мүмкін. Бұл жыршының шеберлігі мен тәжірибесіне, тыңдарманның талабы мен талғамына, тақырыбы мен түріне байланысты болады. Эпикалық поэмаларда бастаманың дәстүрлі емес те қайнар көздері кездеседі. Әрине олар да шығарманың желісіне өз әсерін тигізеді. Мысалы, «Абу Шахма» дастанының бастамасының қайнар көзі – бас кейіпкердің науқас болуы. Бір күні Әбу Шахма науқас болған, Жолында ата - анасы болды құрбан, Жазылса осы ұлым деп Әзіреті Омар, Тұтуға он ораза уағда қылған [15-том, 279-б.]. Бұл жағдайда дастанды жырлаушы әдемі де сонымен қатар нанымды бастау ойлап тапқан. Ал оқиға желісінің өрбуі үшін осындай бастама қажет болды. Бас кейіпкер науқастан арыламын деп ішіп кететіні оқиғаның жалғасын табуына тым жақын келеді. Сонымен бұл жерде біз бастаманың шығарма оқиғасының желісіне тікелей әсер ететінін айқын көреміз. Діни эпостардағы келесі бір саты – оқиғаның дамуы мен өрбуі. Жыршы өз ойына орай оқиғаның даму барысында шиеленіс үшін бірқатар оқиғаларды кірістіре алады. Сондықтан қай жағдайда, қандай оқиғаны кірістіру керектігін жыршы өзі шешеді. «Абу Шахма» дастанында оқиғаның бір –бірімен жалғасын табуы әке мен баланың арасындағы қарым-қатынастан сонымен бірге халықтың ұлына деген құрметінен көрінеді. Бір Алла бұл тілегін қабыл етіп Баласы бас көтеріп тәуір болған Аллаға еткен Омар уағдасымен Он айда ораза ұстап тамамдаған [15-том, 279-б.] «Абу Шахма» дастанында байланыс бас кейіпкердің ішімдік ішуінен басталады. Бұл көрініс оқиғаның ары қарай дамуы үшін, шарықтау шегіне жету үшін және оқиғаның басталуы үшінде аса маңызды болып табылады. Сауығып сағатыңда кеселіңнен Минөтте жазыласың бермен қарап. Егерде тілімді алып ішпесеңіз, Кеселің көбейеді күн-күн санап [15-том, 281-б.] Алайда, сол уақытқа қарай Абу Шахманың денсаулығы түзеле бастайды. Ендеше оған ішімдік ішу күнә болып табылады. Оған қоса ол зинақорлық жасайды да, жағдайды ушықтырып жібереді. Ары қарай оқиғалар бір-бірімен байланыса отырып өрбиді. Поэма қарқыны бәсеңдегендей болады. Осындай бір-бірімен байланыста болатын оқиғаларды барлық жыр-толғаулардан байқауға болады. Жыршы-толғаушы да поэмадағы оқиғалардың бір-бірімен сабақтастығы да уақытпен тығыз байланыста болады. Мысалы, «Абу Шахма» дастанында кейіпкер бойжеткеннің жүкті екені белгілі болу үшін– соған сәйкес уақыт өтуі керек болды. Ал, осы екі түйіннің арасындағы уақытты бір-бірімен байланыстыру үшін сабақтастық қажет. Шарықтау шегі – шығарманың ең маңызды бөлімінің бірі болып табылады. «Абу Шахма» дастанының шарықтау шегі бас кейіпкердің жазалануы болып табылады. Поэманың осы бөліміндегі оқиғалар тыңдармандарды ойлануға, бірге толғануға шақырады. Себебі бұл жерде жазалаушы рөлінде әкесі де жазаланушы оның баласы болып келеді. Абу Шахма өлім жазасынан құтылды, бірақ ол қамшымен жүз рет дүре соғу жазасын алды. Мұндай шешім халықтың жан-дүниесінде бас кейіпкерді құтқарып қалуға деген тым көмескі үміттің бар екенін көрсетеді. «Жүз дүре Шахмаға үкім еттім» Деп Омар айтты көпке шама-шарқын Жазасы жазықтының қандай екен Көзіңмен көріңіздер тегіс жалпың [15-том, 284-б.] Әрбір дүре соққан сайын оның жаны шығардай болады. Дастанда халықтың ойы мен тілегі тыңдармандардың сезімдеріне сай келеді, олар да Абу Шахманы аяп отыр. Омарға сахабалар айтты арыз: - Тыңдамақ ғаріп сөзін сіге парыз. Калғанын он дүреден бізге ұрыңыз, Шахма қияметке емес қарыз [15-том, 287-б.] Умар (Аллах разы болсын!) – билеуші, ол тек өзі ғана діндар болмауы керек ол халықтың арасында мұсылмандықты насихаттауы керек. Ол тура жолдан, шариғаттан бұрыла алмайды. Яғни, күнәлі адам өзі оған шариғат бойынша кесілген жазаны өтеуі керек: Бұларға жауап берді патша Омар: - Өтініш етпе бұған сахабалар. Күнәсін күнәһардың біреу тартпас, Сұрайды өз басынан пәруәрдігер [15-том, 287-б.] Бұл жерде тағы бір діни жағынан үлгі боларлық бір мысалды көруге болады – ол мұсылмандардың діни ережелерді мүлтіксіз орындауының қажеттілігі. Осы мысал арқылы поэма ғибраттық мақсатына жетеді – дінді тек сөз жүзінде ғана қабылдап қоюға болмайды, оған жан-тәніңмен берілу, жүрегіңмен тұтастай қабылдау керек, тек сонда ғана нағыз мұсылман болуға болады. Сюжеттің ең соңғы кезеңі – оқиғаның түйіні. «Абу Шахма» дастанының түйіні бас кейіпкердің өлімі болды, ол жүз рет соғылған дүрені көтере алмады, шығарманың түйіні де нағыз мұсылман образын жасау мақсатына арналған.

944 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз