Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Тамыз, 2017

Лос-Анджелес 2028 жылғы Олимпиаданы қабылдайды -БАҚ

Los Angeles Times басылымы қала өкілдерінің Халықаралық Олимпиада комитетімен 2028 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдау жөнінде келісімге келгендігін хабарлады, деп жазады БЕЛТА.

Жазғы Олимпиада ойындары «періштелер елінде» осымен үшінші рет өткізілуі мүмкін. Осыған дейін өз кандидатураларын Рим, Будапешт және Гамбург сияқты қалалар алып тастады.

Олар 2024 жылғы ойындарды қабылдаудан бас тартты. Сондықтан да бәсекеге түскен қалалардың арасында Париж бен Лос-Анджелес қана қалған болатын. Шілде айында бұл екі қала да спорттық шараны өткізуге дайын деп танылды. Олар өзара келісе отырып, 2024 жылы ойындарды Парижде, 4 жылдан соң АҚШ-та өткізу жөнінде шешім қабылдаған.

486 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз