Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Тамыз, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев латынға көшу туралы айтты

Мемлекет басшысы «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында латын әліпбиіне көшу тек қазақ тіліне ғана қатысты екенін айтты, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі.
 Елбасы жақында латын әліпбиінің бір-екі нұсқасын мамандармен бірге қарайтынын да атап өтті.

«Латын әрпіне көшкенде біз орыс тілінен кетейін деген жоқпыз. Алып-қашпа сөзбен бұны кейбіреулер, саясаткерлер айтады. Әсіресе орыс тілінде. Әліпби тек қана қазақ тіліне байланысты мәселе. Ғылым менен техниканың көзі болып отырған, орыс тіліне көп аударылған барлығын ажыратпасақ меніңше біз байымаймыз, кедейленеміз. Сондықтан бұл жағынан айта кету керек. Бұл үлкен мәселе. Үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Жақында мен бір-екі нұсқасын қарайтын боламын. Осымен шұғылданып жүрген ғалымдармен қарап бір жобаға тоқтайтын боламыз», - деді ҚР Президенті.

671 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз