Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 28 Тамыз, 2017

Білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады

«Атамекен» ҰКП, жоғары оқу орындарының қауымдастығы, білім саласы қызметкерлердің кәсіби одағы, ЖОО ректорлары және мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын аяқтады деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтына сілтеме жасаған Kazgazeta.
Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша жоғары оқу орындарына түсуге, резервті қосқанда, 34 907 білім грантын бөлінді. Медицина мамандықтары бойынша барлығы 3794 грант бөлінді. Соның ішінде «Алтын белгі» иегерлеріне – 4664, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға 551, мүгедектерге 367, жеңілдіктері барлармен теңестірілгендер және соғысқа қатысқан кепілдігі бар ата-ананың балаларына 42 грант және т.б.  Сонымен бірге биыл алғаш рет физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын болашақ мұғалімдерге 642 білім грантын бөлу ұйғарылды. Білім гранттары талапкерлердің ұлттық бірыңғай тестілеуден алған балдары және таңдаған мамандығы бойынша кешенді тестілеуден алған балдары бойынша, сондай-ақ, заңда белгіленген санаттағылар үшін қарастырылатын жеңілдіктерді ескеріліп бөлінді. Бүгінгі таңда білім грантының тағайындалғанын растайтын куәліктер, оның ішінде медицина мамандықтарына қатысты күәліктер де, ЖОО қабылдау комиссияларына жолданды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі грант  иелерінің, соның ішінде медицина мамандықтарына бөлінген қосымша білім гранттарын иеленгендердің, жоғары оқу орнына түсу құқығын сақтау және оларға толыққанды оқуға оңтайлы жағдай жасау үшін барлық қажетті шаралар қолдануда. Сонымен қатар, жоғары білім алу мүмкіндіктерін беретін білім гранттарын алғашқы рет жергілікті бюджеттер есебінен тағайындалып отыр. Биыл Атырау облысында 222, Шығыс Қазақстан – 200, Қызылорда – 150, Ақмола – 100, Алматы облыстарында – 100 білім гранты тағайындалды. Зачисление поступающих в высшие учебные заведения, как на основе образовательного гранта, так и на платной основе, проводится приемными комиссиями вузов до 28 августа текущего года. Білім грантары бойынша және ақылы негізде жоғары оқу орнына түсушілерді жоғары оқу орындарына қабылдау үстіміздегі жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.  

722 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз