Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 30 Тамыз, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Қымбатты отандастар!
Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан 22 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата заңымыз Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретіндегі базалық негізін қалады. Конституция тәуелсіздігіміздің берік тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды. Ол еліміздің басты құндылықтары ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырды. Саяси жүйенің тиімділігін арттыру және мемлекеттігіміздің мызғымастығын қамтамасыз ету бағытында елімізде жүргізілген конституциялық реформа жаңа жаһандық өзгерістерге жауап береді. Конституциямыз Қазақстанның әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуы жолында жаңғыру үдерісін одан әрі іске асырудың, демократиялық бастамаларымызды нығайтудың, азаматтардың әл-ауқатын көтерудің және қоғамды біріктірудің маңызды факторы болып саналады. Барша қазақстандықтарға шын көңілден бейбіт өмір, табыс және құт-береке тілеймін!

779 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз