Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 01 Қыркүйек, 2017

Елбасы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауын жариялады.

 Құрметті отандастар!

Баршаңызды әлемдегі күллі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – ізгілік пен мейірбандықтың, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы.

Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.

Біздің елімізде Құрбан айт әртүрлі этностар мен дін өкілдері арасында өзара сыйластықтың, достық пен бірліктің бірегей дәстүрлерін сақтауға және оны нығайта түсуге ықпал етеді.

Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігін, игі құндылықтарын, сан ғасырлық мәдени және тарихи мұраларын сақтап, одан әрі дамыта түсуге септігін тигізеді.

Біздің елімізде осынау жарқын мейрамның алғашқы күні арнайы демалыс күні ретінде жарияланып, адамдардың құрбан шалуына, Аллаға жалбарынып, ізгі тілектер тілеуіне барлық жағдай жасалған.

Баршаңызды бүгінгі қасиетті мейраммен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, тыныштық, амандық пен өсіп-өркендеу тілеймін!

Айт қабыл болсын!

433 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
Келесі мақала Назарбаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын нығайтуға уағдаласты

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *