Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Қыркүйек, 2017

Назарбаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын нығайтуға уағдаласты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Режеп Тайип Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Құрбан айт мерекесімен құттықтады, оған зор денсаулық пен табыс тілеп, Қазақстан халқының өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларына, сондай-ақ Түркия Республикасы Президентінің Астанаға биылғы 9 қыркүйектегі ресми сапарына қатысты мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, екі ел көшбасшылары биылғы 10-11 қыркүйекте Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін өткізу мәселелері туралы пікір алмасты.

Президенттер Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарын кең ауқымды бағыттар бойынша одан әрі нығайту үшін сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

530 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз