Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҮРКЕР
  • 25 Қыркүйек, 2017

Ең қымбат қазына – адам

Деңгелбай Төлебаев

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеттің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: ұлттық жаңғыру» атты мақаласында санамыздың ісімізден озық жүруінің маңыздылығын атап, жүйелі түрде талдап көрсетті. Қазіргі таңда қоғамдық сананы жаңарту мәселелерімен шұғылдану үшін арнайы құрылған ұлттық комиссия алда тұрған міндеттерді нақтылап, жүйелі жоспар құруға кірісіп кеткені белгілі. Айтылып жатқан үсыныстар мен пікірлер, бәлкім, біздің де айтпағымыз, сонда жинақталып, қорытылу кезінде кәдеге асар. Елімізде қызу талқыға түскен мақалада атап көрсетілгендей, «… ұлттық сана, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды…». Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам. Адамның құндылығы – өмірі және денсаулығы. Қоғамдық сананы жаңғарту үрдістерін жастар өз қолына алу керек деп ойлаймын. Жастарға көбірек спорткешендер керек. Бүгін біздің қалада кафе, ресторандар көп оған қарағанда. Көбісі қалай денсаулықтарын сақтауды білмейді. Оған ой мәдениеті, дене шынықтыру мәдениеті, санасы қажет. Қазақ халқы: денсаулық – зор байлық деп бекер айтпаған. Өз денсаулықтарын күту үшін жастарымыздың санасын жаңғырту керек,сонан соң,ұлттық тәрбиені қолға алу керек. Ұлтымыздың салт-дәстүрін, ой тәрбиесі ұстанымын басқа ұлттарға алаңдамай, нақты жүйеде жүзеге асыруға болады. Өткен ғасырларда ата-бабаларымыз баланың сана-сезіміне, тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Қазіргі уақытта заманға сай ой қабілеті өзгеруі қажет. Жастарға жұманың қасиеттілігін, орыстардың «пятьницасы» еместігін түсіндіруіміз қажет деп ойлаймын. Ұлттық рухани сана-сезімдерін жаңартудың маңызы зор. Бүгінгі жастарға түрлі қолдаулар білдіре отырып, оларға денсаулық сақтау, ойлау қабілеттерін, сана-сезімдерін әсемдікке, ұлттық тәрбиеге сусындата отырып, барынша жағдайлар жасалуы тиіс. Ол біздің қаланың, қоғамдық мекемелердің басшыларына байланысты болып тұр. Сол азаматтарда өз ұлттық саналарын жаңғырта отырып жастарға қолдау көрсетсе артық болмас деп ойлаймын. Әр адамнын құндылығын, қоғам құндылығы деп түсінуі тиіс. Ұлттың дамуына кедерге жасамай, ұмытылған ұлттық құндылықтарымыздың жүйесін сақтай білуіміз керек. Уақыт ағымы өзгерсе де, адам болмысы мен ұлттық құндылықтар өзгермеуі тиіс.

2012 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз