Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО көрмесі кезінде Ақмола облысына 10 мың шетелдік турист келген

"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде Ақмола облысына 10 мыңға жуық шетелдік турист келген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде соңғы бірнеше жыл ішінде өңірдегі туристік кластерді дамытуға арналған брифинг барысында белгілі болды.
Ақмола облысында демалу және туризм индустриясы экономиканың басым салаларының бірі болып табылады. Туристік кластерге  800-ден астам кәсіпорын, 68 туристік фирма, «Көкшетау», «Бурабай», «Буйратау» үш мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының «Бурабай даму» ЖШС кіреді.
«Соңғы үш жыл ішінде көрсетілген қызметтер мен жұмыстардың жалпы көлемі 12,0 миллиард теңгеге жуық құрады. Туризм индустриясы кәсіпорындарынан мемлекеттік бюджетке 4,0 миллиард теңге түсті. Орналастыру орындарының саны 40%-ға өсті», - деді Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов.
Ресейлік компаниялармен бірлесіп, Щучье көлінде, «Rixos Borovoe» қонақ үйінің аумағында жаңа ойын-сауық кешені іске қосылды. Бұдан бөлек, спикер Щучье көлінің жағалауында «Burabay Marine Club» яхт-клубы ашылғанын да атап өтті. Спикердің айтуынша, Ақмола облысының туристік кластерін дамыту және туристердің объектілерге қолжетімділігін кеңейту мақсатында, тарихи-мәдени мұра объектілеріне апаратын автомобиль жолдарын жөндеу және қайта жаңарту, автомобиль, әуе және теміржол қатынасы желісін кеңейту жүргізілуде, бұрын басталған жобаларды іске асыру жалғасуда, Астана - Қорғалжын автожолын жөндеу және қайта жаңарту басталды. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Үкіметі  Ильичевка, Одесское, Бидайық БӨБ арқылы «Омск - Бурабай» жолын қалпына келтіру мәселесін қарастыруда.
 

620 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз