Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Қыркүйек, 2017

Google Translate сервисінде қазақ тілінің дыбыстық аудармасы пайда болады

Google Translate сервисінде қазақ тілінің дыбыстық аудармасы пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы айтты.

Оның айтуынша, қазақ тілінің дыбыстық аудармасын енгізу жобасы коммерциялық емес жоба болып саналады.

"Біздің барлығымызға осы жүйеде қазақ тілінің болуы өте маңызды, себебі Google Translate әлемдегі ең заманауи аударма жүйесі. Мұнда жұмыс көп, барлық мәтін дыбысталу керек, студия керек, дикторлар. 150 мыңға жуық жаңа сөз бен сөз тіркесі", - деді Рауан Кенжеханұлы.

Сондай-ақ, ол бұл жобаның демеушінің қаражатының арқасында жүзеге асырылатынын айтып өтті. Демеуші жобаға 4 миллион теңге бөлген екен. Бірақ әзірше жобаның нақты қашан іске асырылатыны белгісіз.

  "Екі жылда жасауға тырысамыз, Google сервисіндегі әріптестерімізден көмек сұраймыз", - деді Рауан Кенжеханұлы.

517 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз