Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 03 Қазан, 2017

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, - деп хабарлайды Kazgazeta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Отырыста қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

"Бүгін біз еліміздің мобилизацияланған дайындығын және төтенше жағдайларда не істеу керектігіне қаншалықты дайын екеніне қатысты мәселелерді талқылаймыз. Сондай-ақ, Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің беделі мен рөлін әрі қарай арттыру мәселесі қарастырылатын болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Отырыс барысында Қазақстан Президенті құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы органдардың мамандарын EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезінде қауіпсіздікпен қамтамасыз еткендері үшін әрқайсысына алғыс білдірді.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

813 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз