Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Қазан, 2017

Мемлекет басшысы «Қорқыт Ата» мемориалды кешенін аралап көрді

Қазақстан Президенті Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында әйгілі ойшыл, ұлы қобызшы Қорқыт Атаға арналған сәулет кешенін аралап көрді.     

Мемлекет басшысына мемориалды кешенде жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндалды. Мұнда салтанатты іс-шаралар өткізетін алаң жасалып, орталық аллеяда жаяу жүргіншілерге арналған қосымша жол салынған, сондай-ақ монумент маңы абаттандырылған.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әкімшілік ғимаратты және «Қасиетті арқар» атты мүсінді көрді.

Бұдан бөлек, Елбасы кешендегі музейде Қорқыт Атаның өмірі мен мұрасына арналған сирек экспонаттармен танысты.

akorda.kz

610 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз