Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 27 Қараша, 2017

Ұлттық нақыштағы киім үлгілері суретші көзімен

Соңғы жылдары елімізде жеке кәсіппен айналысушы азаматтардың қатары көбейді. Әсіресе, ұлттық құндылықтарымызды асқақтатып, қазақы болмысымыздың көрінісін айқындай түсетін ерекшеліктерімізді дәріптеп жүрген кәсіпкерлер қатарының көбейгені қуантады. Тың идея, жаңа бастама көтеріп жүрген жастар – мәңгілік елдің туын ұстар көшбасшылары. Олар кәсіпкерлікті дамытып қана қоймай, ұлттық брендтерімізді қалыптастыруда. Бүгінгі кейіпкеріміз иллюстратор-суретші Аңсаған Мұстафа. Ол ұлттық нақыштағы киімдер шығаруды қолға алған жас талант иесі. - Ұлттық нақыштағы киімдер шығарып, белгілі бір қазақы брендті қалыптастырып келесіз десек артық айтқандық емес. Осы киімдерге халықтың сұранысы қандай?

- Рахмет! Сұраныс өте жақсы, адамдар қуанып киіп алып жатыр, ізгі ниеттерін білдіріп, тілектерін жаудыруда. Осы іспен айналысқалы бері екі жыл да зу ете түсіпті. Басында бұл идея бизнеске айналады деп ойламап едім. Алдағы жылда Қазақ хандығының 550 жылдығы болады деген жаңалықты ести сала, мен суретші ретінде қандай үлес қоса аламын деп ойландым. Жазда тойланатынын естіген соң, ұлттық нақышта 550 деген санмен, ою-өрнекпен жастар жүрсе екен, ұлттық киім, шапандармен ыстық болады ғой, футболка кисе қалай болады деп, бір дизайн жасап, әлеужеліге салып едім, қатты талқылауға түсті. Өте көп лүпіл басылып, ұсыныстар жауып кетті. Сөйтіп жазға дейін 55 түрін жасап, флешмоб ұйымдастырып, көрменің атын «Шашу» деп қойғаным бар еді. Елдер суреттерді сұрап алып, бастырып киіп, әлеуметтік желіге сала бастады. Астына Аңсағаннан алдым деп жазып қойды, басқа мен танымайтын адамдар да жиі хабарласты. Ұсыныс көбейген соң, футболка жасайтын аппаратын алып, бұл іс әрі қарай кәдімгі кәсіпке айналып кетті. Қазір менің www.ansa.kz деген сайтыма кіріп, жеке тапсырыс беретін кісілердің де қатары көп.

Ендеше, ізгі бастаманы қолға алған отандасымызға іске сәт дейміз!

(Аңсаған Мұстафамен сұқбаттың толық нұсқасын «Үркер» журналының желтоқсандағы санынан оқи аласыздар).

3735 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз