Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қараша, 2017

Абаев Беларусь елінің Жоғары технологиялар паркінің директорымен кездесті

Дәурен Абаев Минск қаласында Беларусь елінің Жоғары технологиялар паркінің директоры В. Янчевскиймен кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz  тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

Бүгін Минскіде Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Беларусь елінің Жоғары технологиялар паркінің директоры Всеволод Янчевскиймен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесуде тараптар стартап экожүйелерінің дамуына және екі елдің венчурлық қаржыландыру институттарына қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, цифрлық экономика бойынша комиссия құру да жоспарланды. Комиссия Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша үкіметаралық комиссия аясында құрылады.

Сондай-ақ, кездесуде талқыланған өзекті мәселелердің бірі – блокчейн технологияларын қолдану мен оның құқықтық реттелуі болды.

Кездесу соңында тараптар, жоғары технологиялар саласында екіжақты ынтымақтастық жайлы келісімге қол қойды.

557 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз