Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қараша, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Минскке барды

Сапар барысында Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Президенті Александар Лукашенкомен кездеседі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына, Қазақстан-Беларусь бизнес форумының жұмысына және басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

Ресми сапар Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукошенконың шақыртуымен жүзеге асып отыр. Қазақстан Президенті Минскіге жұмыс сапармен осыған дейін 2012 жылдың мамыр айында барған болатын.

Сапар барысында сауда-экономикалық өзара ықпалдасу мәселелері, соның ішінде өндірістік ұжымдасу, көлік-транзитті , ғарыш саласы мен ақпараттық-компьютерлі технологиялар мәселелеріне баса назар аударылады.

Қазақстан Беларусьтің ТМД кеңістігіндегі ең ірі сауда-экономикалық серіктестерінің үштігіне кіреді. Тауар айналымы ағымдағы жылдың тоғыз айында, өткен жылмен салыстырғанда 60 пайызға өскен.

395 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Абаев Беларусь елінің Жоғары технологиялар паркінің директорымен кездесті
Келесі мақала Назарбаев пен Лукашенко бірқатар екіжақты құжатқа қол қойды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *