Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Желтоқсан, 2017

Ақмола облысында Біржан сал ауданы пайда болды

Елбасы Жарлығымен Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы қайтадан Біржан сал ауданы болып аталатын болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

***

Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданын қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы Біржан сал ауданы болып қайта аталсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті                                                                 Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2017 жылғы 13 желтоқсан № 605

672 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз