Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Желтоқсан, 2017

Әбілхаят суы туралы білесіз бе?

Әбілхаят суы  адамдарды жасартатын шипалы су. Оның шипалы қасиетін бір рет қабылдаған соң-ақ  байқайтын боласыздар. Ол үшін шипалы суды 1 қасықтан тамақтанудың алдында ішкен дұрыс. Бал, лимон және зәйтүн майы ағза үшін аса пайдалы болып табылады. Лимон – органикалық қышқылдар мен С дәруменінің қайнар көзі. Оны тұмауда, зат алмасу қызметінің бұзылуында, дәрумен жетіспеушілігінде және артық салмақтан арылу үшін пайдаланады. Косметикалық мақсатта лимонды теріні ағарту және жасарту үшін қолданады. Бал құрамындағы дәрумендер мен микроэлементтер тері мен шаштың реңкің жақсартып, ағзаға оң әсерін тигізеді. Зәйтүн майындағы  табиғи антиоксиданттар мен  майлы қышқылдар зат алмасу процесстерін жақсартып, ағзаның ішкі және сыртқы қартаю белгілерінің алдын алады. Бал, лимон және зәйтүн майының қоспасын Әбілхаят суы деп атап кеткен. Ағзаны жасарту 100 мл лимон шырыны 200 г бал 50 мл зәйтүн  майы Дайындау әдісі 1 кесе лимон сығындысына  зәйтүн майы мен гүл балын қосу қажет. Дайын болған тұнбаны қараңғы және салқын жерде сақтау керек. Жасартатын суды дайындағанда  extra virgin зәйтүн майын пайдаланған абзал. Сусынды тамақтанардан 15-20 минут бұрын, күніне үш рет қабылдаған дұрыс.  Жарты жыл қабылдаған соң, міндетті түрде үзіліс жасаған жөн. Қолдануға қарсы көрсетілімге тек судың жеке компоненттеріне жоғары сезімталдықты жатқызуға болады. Яғни лимон мен бал өнімдеріне ағзаның тітіркенуі байқалса, суды мүлдем ішпеген жөн.  Сонымен қатар, аталған қоспаны асқазан-ішек жолдарының ауруларында, өт қабының тастарында және гипертонияда қабылдауға мүлдем болмайды.

Дайындаған Үміт Жұмаділова

1357 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз