Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Желтоқсан, 2017

Алматы әкімі Алатау ауданындағы индустриялды аймақты аралады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары аясында Алатау ауданындағы индустриялды аймақта болды, мұнда бүгінгі күні құрылыс, фармацевтика, химия, тамақ, жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша 40 ірі отандық және шетелдік жобалар жүзеге асуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

 Индустриялды аймақты аралаған Бауыржан Байбек «ALATAU» сауда маркасы бар картридждер мен күн батареяларын шығаратын жаңа өндіріс орнымен танысты.

Компанияның бас директоры Мұрат Рахымжанов алғашқы өндірістік желінің жылына 75 мыңнан астам картридждер шығаратынын, 2019 жылға дейін өндіріс көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отырғандықтарын айтты. Кәсіпорында 40 адам жұмыс істейді, алайда өндіріс қуаты артқан кезде жаңа жұмыс орны екі есе өсетін болады. Өнім ассортименті «ALATAU» картридждерінің 150-ден астам моделін құрайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мегаполиске қосылған елді мекендерде барлық жағдайлар жасалуда. Алатау және Наурызбай аудандары орталықтандырылған қағидасы бойынша дамуда және өздіктерінен өркендеу үстінде. Алатау ауданындағы индустриялды аймақ кәсіпкерлікке қолдау көрсету мақсатында құрылған, ең алдымен Алматының әлеуетті өндіріс орындарын дамытуға бағытталған. Мұнда бірінші кезекте қаланың тұрғылықты жерлеріндегі өндіріс орындарын осы аймаққа көшіретін инвестициялық жобаларға, импортты алмастыра алатын технологиялық, инновациялық өнімдер шығаруға жіті назар аударылады. Кәсіпорындардың ашылуы Алатау ауданында жаңа жұмыс орындарының пайда болуына кең жол ашады», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында кабель желілерін шығаратын ресейлік «КМК Investment» зауытының, үлкен диаметрлі болат құбырларын шығаратын қытайлық «Asia Steel Pipe Company» зауытының, инженерлік жүйе қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жапондық жаңа «Tokyo Rope Almaty» зауытының құрылысымен танысты.

939 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз