Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Серіктестік тынысы
  • 03 Қаңтар, 2018

Әріптестер Жаңа жылды бірге тойлады

Желтоқсан айының соңғы аптасында қазақ басылымдарының корпоративтік жаңа жыл кеші өтті. «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты 6 басылым, «Жас өркен» серктестігінің 4 басылымы және «Түркістан» газетінің ұжымдары бас қосқан мерекелік шара бір салада қызмет істеп, «бір терінің пұшпағын илеп» жүрген әріптестерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, достық жылы ниетте жалғасты. Ақпарат саласында тынбай еңбек етіп жүрген әр басылым ескі жылды қорытындылап, тауық жылы қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті. Атап айтар болсақ, «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Мысль» журналы Елбасының алғыс хатына ие болса, «Жас өркен» серіктестігіне қарасты «Дружные ребята» балалар басылымы «Үркер» сыйлығын иемденді. «Түркістан» халықаралық саяси апталығының журналистері де ақпарат аясын кеңейтіп, шетел асып, басылым беттерінде өзге елдердің хал-ахуалымен бөлісе алатындай мүмкіндікке қол жеткізгендерін зор мақтанышпен айтты. «Халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» болып отырған басылымдар келер жылы да ел мүддесі үшін ерінбей қызмет етіп, жағымды ақпараттарды оқырмандарымен асыға бөлісетін болады. Төрімізге озған Жаңа жылымыз да берекелі, шығармашылық табысқа толы жыл болсын!

790 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз