Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Қаңтар, 2018

Алматы облысында мемлекеттік бағдарлама бойынша оқыған 285 адам жеке кәсіп ашты

Былтыр Алматы облысының 1 жарым мыңдай тұрғыны «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы арқылы оқу курстарына қатысты. Нәтижесінде 285 адам жеке кәсібін ашты, деп хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасап kazgazeta.kz Олардың бизнес-бастауын қаржыландыруға 1 миллиардтан астам теңге жұмсалды. Іске асырылған жобалардың көпшілігі ауыл шаруашылығы мен халыққа қызмет көрсету саласына қатысты. Бір жылда аймақтың 23 мың кәсіпкері 29 мың сервистік қызмет алған. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы пилоттық негізде облыстың 7 ауданында іске асырылды. Диас Бейсенбек, облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы: - 2018 жылы биылдан бастап, барлық аудандарда іске асырылады деп жоспарланып отыр. Биыл осы бастау бизнеске қатысушылардың саны екі есе артуы тиіс және болашақ кәсіпкер атанамын деген азаматтардың саны өсе түседі.

580 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз