Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Қаңтар, 2018

Атырауда тұңғыш рет ардагерлердің шыршасы өтті

Атырау облысының Құрманғазы ауданында тұңғыш рет ардагерлердің шыршасы болып өтті. Жақында ғана тұсауы кесілген «Ардагерлер үйінде» өткен шара аудандағы ақсақалды аталар мен ақ жаулықты аналарға ерекше естен кетпейтін мерекелік көңіл-күй сыйлады. Аймақта бұрын-соңды болмаған, қарияларға жеке-дара ұйымдастырылған кешке аудан әкімдігі бастаған ұйымдастыру тобының ерекше дайындықпен келген. «Ардагерлер үйінде» мерекелік дастарқан жайылып, ортаға әсем безендірілген шырша орнатылды. Тарих қойнауына енген тауық жылы аудан ардагерлерінің қол жеткізген жетістіктерінен құралған көрме ұйымдастырылды.  Ардагерлерді құттықтаған аудан әкімі Бибоз Шаяхметов табалдырығымыздан аттаған Жаңа жылмен құттықтап, өткен жыл аудан қариялары үшін табысты жыл болғанын атап өтті. – Өткен жылы ауданда өздеріңізге арналған, заманауи үлгімен жабдықталған «Ардагерлер үйі» ашылды. Облыс көлемінде тұңғыш рет ашылған бұл орталықта қарттарымызға арналған түрлі шараларды өткізіп келеміз. Міне, бүгін осы шаңырақта облыста тұңғыш рет ардагерлердің шыршасы ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, бүкіл әлем көз тіккен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне аудан ардагерлері де ерекше белсенділікпен қатысып қайтты. Халқымыз «Қарты бар елдің қазынасы бар» деп бекерге айтпаған. Алдымызда асқар таудай сіздер барда еліміздің болашағы жарқын болатыны сөзсіз, – деді Б.Байдаулетұлы. Аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов те ардагерлерге деген жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, ақжарма тілегін арнады. Ал, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев ағамыз аудан қарияларына үнемі көңіл бөліп, назардан тыс қалдырмай келе жатқан аудан әкімі Бибоз Шаяхметов, оның орынбасары Өркен Тәжібаев бастаған азаматтарға аудан қарияларының атынан алғыс айтып, ақ батасын берді. Ел үшін еңбек етіп келе жатқан қызметтеріне табыс тіледі. Сондай-ақ, мерекелік шыршада сөз алған аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Өмірзақ Қажымғалиев, ардагерлер Зейнетолла Ақбанов, Жаннат Құрманғалиева, Сәркен Нұрғожинлар өздеріне көрсетіліп жатқан құрметке ризашылықтарын білдіріп, ерекше тебіреністерін жеткізді. Мерекелік шарада аудан өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, кеш шырайын кіргізе түсті. Ортаға Тауық жылы шақырылып, ол ардагерлермен қимай қоштасып, Ит жылымен қуана көрісті. Аяз ата мен Ақшақар ардагерлердің өнерін тамашалады. Қариялардың барлығына аудан әкімдігі атынан сыйлықтар табысталып, лоторея ойнатылды.

Нұрсұлтан МЫҚТЫБАЙ,

журналист.

Атырау облысы,

Құрманғазы ауданы.

1569 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз