Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Қаңтар, 2018

Бүгін Қадыр Мырза Әлінің туған күні

Бүгін Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің туған күні. Қазақ поэзиясының дамуына зор үлес қосқан балалар жазушысы көзі тірі болғанда бүгін 83 жасқа толар еді. Қадыр Ғинаятұлы 1935 жылдың 5 қаңтарында Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Еңбек жолын «Балдырған» балалар журналынан бастап, кейін «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1968-1973 жылдары «Жазушы», «Балауса» баспаларында, кейірінек Қазақстан Жазушылар одағының поэзия секциясында кеңесші болды. «Ой орманы» жинағы үшін 1966 жылы Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығына ие болды. 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды. Қадір Мырза Әлі 2011 жылы 24 қаңтарда 76 жасқа толған шағында өмірден өтті.

954 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз