Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Қаңтар, 2018

ОҚО әкімі Бас мүфтимен кездесті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлымен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметінесілтеме жасап.

Жүздесу барысында қос тарап қоғамда қалыптасқан діни келісім мен ұлтаралық татулықты одан әрі нығайта түсу, дін қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін шыңдау, жат ағымның арбауында кеткен жастардың дәстүрлі дінімізге оралуына жан-жақты ықпал ету жайында өзара пікір алмасты.

Облыста діни ахуалдың тұрақты екенін айтқан аймақ басшысы Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде бүгінде еліміз әлемге ынтымақ пен бірлігі жарасқан, көп конфессиялы мемлекет ретінде танылып отырғанын жеткізді.

«Бүгінгі таңда облыста 11 конфессияға кіретін 60 діни бірлестік жұмыс істейді. Қазақы қаймағы бұзылмаған Оңтүстік өңірде діні бөлек болса да тілегі бір түрлі этнос өкілдері татулық пен бірлікте өмір сүріп келеді», - деді облыс әкімі.

Бас мүфти діни білім беру мәселесіне тоқталып, жастарға рухани-өнегелі тәрбие берудің маңыздылығын айтты. Сонымен бірге мұсылмандардың рухани қажеттіліктерін барынша қанағаттандырып, қоғаммен бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін сөз етті.

728 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз