Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Қаңтар, 2018

Назарбаев пен Буштың кездесуінде түсірілген видео жарияланды

Ақорда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы АҚШ-қа сапарында түсірілген видеоның үзіндісін жариялады, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі.

 1992 жылдың 18-20 мамыр аралығында Елбасы АҚШ-қа тұңғыш ресми сапармен барды. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Джордж Буш, Мемлекеттік хатшы Джеймс Бейкер, өзге де министрлер, сенаторлар және кәсіпкерлермен кездесті.

Алғашқы сапар аясында Қазақстан мен АҚШ Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік Меморандумына, Капитал салуды қолдау мен өзара қорғау туралы келісімге, Сауда қатынастары туралы келісімге және басқа да құжаттарға қол қойылған.

Ақорда Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы АҚШ-қа бірінші ресми сапарында түсірілген мұрағаттағы видеоны жариялаған болатын.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен Вашингтонда 2018 жылдың 16 қаңтарында кездеседі. Мемлекет басшысы АҚШ-та 18 қаңтарға дейін болады. Сонымен қатар, 18 қаңтарда Қазақстан Президенті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қару қолдануды жаппай жоюға арналған брифингке қатысады.

986 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз