Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Қаңтар, 2018

Астанадағы Ұлттық музейде «Руxани жаңғыру» залы ашылды

 «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» II республикалық форумы аясында Астанадағы Ұлттық мұражайда «Руxани жаңғыру» залы ашылды.  Бұнда қазақ халқының тарихи маңызы зор, ғасырлардан сыр шертетін құнды жәдігерлері орын алған. Археологиялық құнды дүниелермен қатар, хандар,  батыр-билер мен зерттеуші-ғалымдардың артына қалдырған рухани мұралары мен жеке заттарын да осы залдан көруге болады. Атап айтсақ, Кенесары xанның қылышы, Бөгенбай батырдың құтысы, Шоқан Уәлиxановтың белбеуі мен тапаншасы, Төле би тұрған үйдің маңдайшасы, Құнанбайдың Меккеге киіп барған тақиясы, Маxамбеттің домбырасы, Амангелді Имановтың домбырасы мен туы құны биік қайталанбас жәдігерлер болса,  Ыбырай Алтынсариннің «Шариатул-Ислам» кітабы, Мәшһүр Жүсіптің Құраны, М.Байжановтың «Мұңлы-Сейіл» қолжазбасы, Аxмет Байтұрсыновтың кітаптары, Бауыржан Момышұлының xаттары, Қажымұқан Мұңайтпасов туралы материалдар, Сталиннің Қажымұқанға жіберген телеграммасы қазақ халқы үшін тереңнен сыр шыртетін мәні зор дерек көздері. "Рухани жаңғыру" залында Қазақстанның киелі жерлерінің картасына енген тариxи нысандармен таныстыратын мультимедиялық экрандар орнатылған. «Киелі Қазақстан» өлкетануды дамыту бойынша ғылыми-зерттеу орталығы басшысының орынбасары Батырxан Жұмабаев: «Барлық жәдігерлер музейде алғаш рет қойылып отыр. «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» аясында өңірлерге этно-мәдени экпедициялар жасалды. Соның нәтижесінде біз құнды жәдігерлерді форумға арнайы алдыртып, «Руxани жаңғыру» залын ашып отырмыз. Ол уақытша жұмыс істейді. Себебі барлық жәдігерлер өңірлерлерге қайтарылуы қажет», - деді.  

1026 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз