Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Қаңтар, 2018

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы Жолдауға қатысты Үндеу жариялады

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының мүшелері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің болашағына бағытталған Жолдауына қолдау көрсетіп Үндеу жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

 Тарихта белгілі бір кезеңдерде өз миссиясын атқарған өнеркәсіптік революциялар адамзаттың дамуына өз ықпалын тигізді. Бүгінгі уақытта өнеркәсіптік революцияның төртінші қадамы басталды. Әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болып отырған Қазақстан үшін төртінші қадам маңызды екенін әрбір отандасымыз жақсы түсінуі тиіс.

Өзінің дамуында экономикалық бағытқа басымдық беріп отырған Қазақстан төртінші өнеркәсіптік революцияның берер мүмкіндіктерін тиімді пайдалануы қажет. Бұл – ұлттық деңгейде атқарылатын іргелі жұмыс. Осыны маңызды қадам ретінде бағалаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады.

Елдің даму факторларын анықтайтын Жолдаудың 10 бағыты да мемлекеттің әр саласын толық қамтиды. Индустрияландырудың жаңа технологияларды енгізуде көшбасшы салаға айналуын тапсырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев цифрландыруға көшкен тұста еңбек нарығын қайта қарауды тапсырды. Еңбек нарығын қайта қарау арқылы біздің қоғам заманауи мамандықтарды игеруді кеңінен қолға алатын болады. «Жасыл» технологияларға инвестиция салу жолымен бизнесті ынталандыруға жасалатын қадамдар да адам капиталы, еңбек ресурстары тақырыптарын айналып өтпесі анық. Жолдауда айтылған «ақылды қалалар», басқарудың тиімді тетіктерін анықтай түсу, инфрақұрылымдарға жаңа технологияларды енгізу біздің бүгінімізге ғана емес, келешегімізге де қызмет ететін болады.

Әлемдік даму үдерісін және халықаралық талаптарды толығымен қамтыған, біздің экономикалық мүмкіндіктеріміз бен әлеуетімізге негізделген Жолдау қазақстандық әрбір азаматтың даму бағдарламасына айналуы тиіс.

Біз, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының мүшелері, Мемлекет басшысының елдің болашағына бағытталған Жолдауын қуаттап, барша отандасымызды біздің қатарымызда болуға шақырамыз!

1466 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз