Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Серіктестік тынысы
  • 22 Қаңтар, 2018

Елбасы сапарына ақпараттық қолдау

Биылғы жыл Қазақстан үшін ерекше қарқынмен басталды. 2018 жылдың алғашқы айында Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев араға 11 жыл салып, ресми сапармен АҚШ- қа барып қайтты. Қазақстан Президенті Сыртқы саясатқа қатысты Ақ үйге екіжақты қарым-қатынасты реттеу мəселесімен келген осы жылғы алғашқы қонақ екенін де атап өткен жөн. Хош, сонымен бұл сапар екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық əріптестік жайында саяси жəне экономикалық маңызды келіссөздер жүргізіліп, бірлескен мəлімдемелер жасалған тарихи маңызды сəт болды. 2018 жылы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуінің өзі Елбасы мен қазақ халқының əлемдік қаіупсіздік саласындағы өзіндік орнын айқындай түсті. Елбасының ресми сапары барысында Қазақстанның бірқатар ақпарат құралдарының басшылары мен тілшілері ақпараттық қолдау көрсетіп, халыққа жедел ақпарат тарату мақсатында ресми іс-сапарға аттанған болатын. «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Шəмшидин Паттеев мырза да еліміз үшін маңызы зор тарихи сəттің куəгері болып қайтты. Ал, екі ел арасындағы келіссөздер мен ресми сапар жайлы мəліметтерді толығырақ күнделікті «Қазақ газеттері» сайты жəне серіктестікке қатысты басылымдар жедел түрде беріп отырғанын да айта кеткіміз келеді.

292 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз