Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қаңтар, 2018

Александр Бородюк ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюк ресми түрде қызметінен кетті. Келісімшарт екіжақты келісім бойынша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан футбол федерациясы Александр Бородюкке атқарған жұмысы үшін алғыс айтады. Александр Бородюк жаттықтырған уақытта еліміздің бас құрамасы жеті ойын өткізді.Оның біреуінде тең түсіп, алтауында жеңіліп қалды. Ұлттық құраманың жаңа бас бапкерінің есімі алдағы уақытта жарияланады.

485 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз