Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қаңтар, 2018

Елімізде теміржол билеттерін 25% жеңілдікпен сатып алуға болады

Билетті ертерек сатып алатын жолаушының оны базалық бағадан төрт есе төмен бағада сатып алу мүмкіндігі бар.

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бағдарлар бойынша жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтердің шекті тарифтерін анықтаудың жаңа әдістемесі бекітілді. Соған сәйкес, сатып алған күніне және пойыздардың жүктемесіне байланысты билет бағасының өзгеруін қарастыратын динамикалық тарифтік бағаны белгілеу енгізілді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші кезеңде динамикалық бағаны белгілеу пилоттық режимі екі облысаралық және қала маңына қатынайтын бағыттарға енгізілді. Олар Алматы - Астана - Нұрлы жол №3/4, Астана 1- Сарыағаш №085/086 бағыттары. Ал, 8 наурыздан бастап Астана-Қарағанды №853/854 бағытына енгізілмек.

Кейін жаңа тәртіп әлеуметтік маңызы бар барлық бағыттар бойынша жүретін пойыздарды қамтитын болады. Аталған пойыздарда "-25%" және  "+25%" дәлізінде динамикалық баға белгілеуді қамтитын тарифтік бағалар кестесі енгізілді. Осылайша, билетті ертерек сатып алатын жолаушының оны базалық бағадан төрт есе төмен бағада сатып алу мүмкіндігі бар. Пойыздың жүретін күні жақындағанда және белгілі бір бағытқа сұраныс артқан кезде билет құны өсетін болады.

Жоғарыда көрсетілген пойыздарға билеттерді 2018 жылдың 23 қаңтарынан бастап сатып алуға болады.

541 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз