Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қаңтар, 2018

Дариға Назарбаева әскери телеарна құруды ұсынды

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған комитет депутаттары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды. Дариға Назарбаева алдағы уақытта әскери телеарна құруды ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

 Нақты уақытта графикалық, мәтіндік, мультимедиялық ақпаратпен алмасу арқылы жұмыс картасын жүргізетін әрі әскери құрамалар бөлімдерді басқару жөніндегі шешім қабылдайтын оқытудың жаңа үлгілері мен әдістерін енгізу жүргізіліп жатқан оқу зертханалары сенаторлардың назарына ұсынылды.

Одан басқа, депутаттар қару-жарақ пен әскери техника әзірлеу және оны отандық әскери-өнеркәсіп кешенінің қуатымен келешекте жасау мүмкіндіктері ескерілетін университеттің кітапхана қорын және әскери ғылыми-зерттеу орталығын көрді.

Сенаторлар білім сапасын арттыруға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді, сондай-ақ өз ұсыныстарын да айтты. Атап айтқанда, Дариға Назарбаева ақылы негізде Ұлттық қорғаныс университетінде шетелдік студенттерді оқыту мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ әскери қызметті насихаттайтын мамандандырылған әскери телеарна құруды ұсынды.

Әскери ғылымның келешегі зор зерттеулерімен танысып, университеттің ғалымдары және докторанттарымен кездескен Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің төрағасы Д. Назарбаева құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

661 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз