Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қаңтар, 2018

УЕФА Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Грузия, Латвия және Андоррамен кездеседі

Швейцарияның Лозанна қаласында УЕФА Ұлттар Лигасының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazgazeta.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. Жаңа турнир көптеген жолдастық кездесулерді маңызы жоғары ойындарға ауыстырады. Ұлттық құрамаларға деңгейі тең қарсыластармен ойнауға мүмкіндік береді. 55 құраманың барлығы УЕФА рейтингі (А лигасында - 1-12 орын иелері, В лигасында - 13-24 орын иелері, С лигасында - 25-39 орын иелері, D лигасында - 40-55 орын иелері ) бойынша төрт лигаға бөлінген. Әр лигада командалар рейтинг бойынша үш (А және В лигалары) немесе төрт (С және D лигалары) себет орналасты. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы D1 тобына Андорра, Латвия және Грузия құрамаларымен бірге түсті. Алғашқы турдың ойындары 2018 жылдың 6-8 қыркүйегінде өтеді. Финалдық кезеңнің жеребесі 2018 жылдың қыркүйегінде тартылады. Финалдық кезең 2019 жылдың 5-9 маусымы аралығында өтеді. ЕУРО-2020 өтпелі матчтарының жеребесі 2019 жылдың 22 қарашасында тартылады. ЕУРО-2020 өтпелі матчтары 20202 жылдың 26-31 мамырында өтеді.

1959 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз