Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 31 Қаңтар, 2018

Бүгін жер тұрғындары көгілдір айдың қызарып тұтылуын көретін болады

Бұл құбылыс бір жарым ғасырдан кейін бірінші рет орын алып тұр. Бүгін, 31 қаңтарда адамдар таңғажайып құбылысты бақылай алмақ: айдың ұлғаюы, қызаруы және көгілдір ай құбылысы, яғни айдың бір айда екі рет толуы. Бұл құбылыстардың әрқайсысы өте сирек қайталанады. Бірақ бірнеше құбылыстың бір күнге келуі 1866 жылдың наурыз айында ғана болған екен. Айдың ұлғаюы немесе толуы оның жер орбитасына бірнеше есе жақындауын білдіреді.  Бүгін бұл қашықтық жер орбитасынан  358 994 шақырымды құрайды. Айдың қызаруы деп күн сәулелерінің жер атмосферасында сейілуіне байланысты оның қып-қызыл реңкпен көрінуін айтады. Көгілдір ай құбылысы осы жылдың 2 қаңтарында бірінші рет көрінген. Осыдан кейін сирек кездесетін таңғажайып құбылыстардың бір күнге келуі ғалымдардың болжамы бойынша 2028 жылдың 31 желтоқсанында болмақ.  

2814 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз