Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Ақпан, 2018

The New York Times-тың ең үздік жазбалары қазақ тіліне аударылады

Материалдар Baq.kz ақпараттық агенттігінде жарияланады.

АҚШ-тың The New York Times газетіндегі авторлардың ең үздік жазбалары қазақ тіліне аударылып, Baq.kz порталында жарияланатын болады.

"ҚазКонтент" АҚ-ның Басқарма төрағасы Евгений Кочетов осы жылы Пол Крупман сияқты аты әлемге әйгілі авторлардың еңбектері қазақ тіліне аударылып, компанияның Baq.kz порталында жарияланатынын атап өтті.

"Биыл Baq.kz порталында бірқатар қызықты жоба таныстырылады. Бірінші жоба – бұл The New York Times-тың атақты авторларының жазбалары қазақ тіліне аударылуы. Олардың қатарында экономика саласы бойынша нобель сыйлығының иегері Пол Крупман сияқты әлемге әйгілі авторлар бар. Мұндай авторлардың еңбектері Baq.kz ақпараттық агенттігінде эксклюзивті нұсқада жарияланады", - деді Евгений Кочетов.

Сондай-ақ, Басқарма төрағасының айтуынша, Baq.kz ақпараттық агенттігі аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысын жаңартып, күшейте түседі және Baq.kz негізінде "Аймақтық БАҚ" жобасы қайта басталады.

1301 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз