Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 06 Ақпан, 2018

АЛМАТЫ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛУЫ ТИІС ЕДІ

Алматы нышандарының бірі Оқушылар сарайы ғимараты болып саналады. Бұл ғажайып ғимарат қалай салынды және неліктен кеңестік Диснейленд болуға әбден лайық еді? Бұл ғимараттың салынуының тарихы жайында репортажымызда мұрағаттан біраз материал жинадық.     Оқушылар Сарайы жобаларының Эскиздері. Оқушылар сарайының  алғашқы құрылыс жобалары (ол кезде – пионерлер Сарайы) 1978-жылы пайда болды. Оларға Алматы қалалық атқару комитеті мен Қазақ КСР Білім беру министірлігі тапсырыс берген. 3-і "Алматыгипрогор" шеберлік архитекторлар мен инженерлер тобы (А.П. Зуев, Т.С. Абильдаев, инженер Ю.М. Локтев, Е.В. Средников, Н.В. Верной, Б.К. Мусургалиев, А.Г. Алексеев, С.В. Касканов) Владимир Николаевич Кимнің жетекшілігімен сарайдың бірнеше әралуан нұсқаларын ұсынды. Олардың сырт көрінісі жағынан орталық кіре берісі мен обсерваториясы, күмбезінің формасы және басқа да детальдерінде бір-бірінен айырмашылығы бар болатын.     Сарай аумағының стадион мен бассейн, жазғы амфитеатр және басқа да салынбай қалған нысандардың эскизі.   Оқушылар сарайының айналасына өзіндік ерекшелігі бар кеңестік Диснейленд тұрғызылуы керек болатын. Онда балалар мереке тойлап қана қоймай, түрлі пайдалы кәсіпке машықтанатындай. Авторлар жазғы амфитеатр, спорттың әр түрімен айналысатын стадион, картингке арналған автодром, кеме модельдерін сынақтан өткізетін, жаттықтыратын хауыздар, садақпен ататын алаңқайлар және тир. Өзен бойындағы жазғы демалыс аймақтарының құрылысын жүргізу м.мкіндіктерін да қарастырған болатын. Оқушылар сарайы мен Республика сарайының аралығына дейін созылмақшы болған су бұрқақтары мен мүсіндерден жасалған саябақ аймағын салу да жоспарланған болатын.   -Біз теңіз жануарлары мен сүңгуір қайықтары бейнеленген кіші Алматы өзені арқылы  көпір жасағымыз келген.   Бұдан басқа да көптеген қызықты идеялар болды, дейді Төлеген Әбілда. Бұл жоспарларымызды жүзеге асыруға жоба құнының жоғары болғаны кедергі келтірді. Ондай қаражатты республикалық бюджеттен бөлдіре алмадық. Мүмкін сол кезде 1980- жылғы олимпиадаға арнап салынған спорттық құрылыстарға бүкіл қаражат пен,материалдық және адами ресурстар жұмсалған шығар.     Ашық алаңқайларды пайдалану идеясының жүзеге аспауына қарамастан, оқушылар сарайының құрылысшылары балалар қызығушылығының барлық мүмкіндіктерін қарастырды. Сәулетшілердің мұндай ғимараттарды жобалау тәжірибесі жоқ болатын. Олар бұл идеяны жүзеге асыру үшін Мәскеуге барды.     Ғимаратқа кең үйірме бөлмелері, салтанат сарайы, театр залы, қысқы бақ, ойын залы, ертегілер залы, жүзу бассейнімен бірге спорт блогы және қол добы мен мини футбол үшін алаңдар топтастырылған. .   Физика-математика клубы жас натуралистердің  үйірмесінен бөлек  сарайда археология және биология, әуе және су асты, радиоспорт лабораториясы және кибернетика, фото лаборатория мен шахмат және дойбы клубы орналастырылған.   Сурет ҚР орталық мемлекеттік мұрағатының кинофотоқұжаттар және дыбыс таспалары бөліміне тиесілі.  Оқушылар сарайы  өзінің қатарында салынған Республика сарайы мен Қазақстан қонақ үйімен үйлесімді салынған. Алайда сәулетші Төлеген Әбілданың айтуынша ғимараттардың ортақ ансамблін жасау идеясы  жоба авторларының ойында болмаған: - Олардың ұқсастығы пайдаланған  құрылыс материалдарын таңдауында болып тұр. Сол кездері ең танымал қолданылатын материалдар "ұлу" тәріздес материалдары болған. Сондықтан оны барлық жерде пайдаланды. Әрине, кейіннен кеңестік модерн мен ұлттық елементтер стилі пайда болды.         Сурет ҚР орталық мемлекеттік мұрағатының кинофотоқұжаттар және дыбыс таспалары бөліміне тиесілі.    Оқушылар Сарайының құрылысы 1983-жылы аяқталды.  Салтанатты ашылу рәсіміне Республиканың басшылары қатысты.   Сурет ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының кинофотоқұжат және дыбыс жазу қорына тиесілі.  Содан бері бұл мекеме бірнеше онжылдыққа еліміздегі ең басты балалар орталығына айналды.      

www.voxpopuli.kz

 

3444 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз