Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Ақпан, 2018

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы туралы фильм жарыққа шықты

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы туралы «Қазақстанның әлемдік биіктігі» атты деректі фильм жарыққа шықты. Бұл туралы ҚР Президентінің Телерадиокешенінің желідегі парақшасынан мәлім болды.

Желідегі жазбаға қарағанда «Қазақстанның әлемдік биіктігі» деректі фильм ғана емес, қызықты мәліметтерге толы шытырман тарих.

«Мәселен, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде не ұсынды? Ауғанстанға БҰҰ-дағы Қазақстан мен АҚШ өкілдері не себепті жасырын түрде барды? Мелания мен Бэррон Tрамп шын мәнінде қай жерде өмір сүреді? Америкада қазақстандықтармен кездесу қалай өтті? Осы және өзге де сұрақтардың жауабы «Қазақстаннның әлемдік биіктігі» атты фильмде баяндалады»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, қазақстандық делегация бір ай бойы БҰҰ-ның бас органына жетекшілік жасады.

«Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде БҰҰ хатшылығының қатысуымен ұйымның күнделікті жұмысының үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз етті және мандат талаптарына сай өзіне жүктелген міндеттерді атқарды»,-деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапар жасап, онда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып- жою қаруын таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы мәжілісіне қатысты.

Дереккөз: ҚазАқпарат агенттігі

1244 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз