Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Ақпан, 2018

2018 жылғы бюджетте мұнай бағасына өзгерту енгізіледі

2018 жылғы бюджетте мұнай бағасына өзгерту енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

«Макроэкономиикалық көрсеткіштер бойынша қандай параметрлер нақтыланатындығына тоқталсам, ең біріншіден - мұнай бағасы. Ағымдағы жылғы бюджетте ол баррелі 45 доллармен бекітілген. Бүгінде мұнайдың 1 баррелі 60 доллардан сәл астам болып отыр. Ал БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қорының ортақ болжамы  58 доллар төңірегінде. Сондықтан біз ағымдағы жылғы бюджетте қандай шынайы болжамға сай бағаны бекітетіндігімізді қарастыру үстіндеміз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, мұнан бөлек экспорт біршама артып, өнеркәсіп қарқыны да жоғарылай түсетін болады. Сондықтан бұл бағыттарда да бюджетке түзетулер енгізіледі.

«Әзірше қай күні нақтылатындығын (республикалық бюджет) айта алмаймын. Қаржы министрлігі ұсыныстар жинап жатыр. Олар жинақталғаннан кейін Үкіметке ұсыныс енгізіліп, шешім қабылданатын болады», - деді Руслан Дәленов.

450 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз