Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Ақпан, 2018

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту керек – министр

Елiмiзде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қажет. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрi Өмiрзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсiне сілтеме  жасап Kazgazeta.kz.
 «Бiз техникасыз ауыл шаруашылығында еңбек өнiмдiлiгiн қалай арттыра аламыз? Бұл салада техниканың жаңартылу деңгейi 3 жыл бұрын 6 пайыз болған. Ал, қазiр 2 пайыз. Өткен жылы да 2 пайыз болған. Бұрын 5 мың дана техника әкелiнсе, қазiр 2 мың дана техника жеткiзiледi. Бүгiнгi таңда лизинг 18 пайызбен берiледi. Оны кiм алады? Сондықтан, субсидиялауды лизинг пен техниканы жаңарту жаққа бағыттаймыз. Бiзге тиiмдi, үздiк техника қажет. Техникасыз алға жылжи алмаймыз. Осылайша егiннен айырылып отырмыз. Мысалы, бiр Джон Дир техникасы сегiз ескi техниканы алмастырады. Ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы 17 жылдан бері ескi. Бұндай техникамен қалай жұмыс iстеуге болады?» - дедi Шөкеев Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысында.
Сондай-ақ, министр ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшiн тұқым мәселесiн шешу керектiгiн айтты.

795 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз